“Алтын орда” базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланды

Алматының шетіндегі “Алтын орда” базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланған. Бұл туралы Алматы облысы полициясына сілтеме жасап, жергілкті ақпарат агенттіктері хабарлады. “Қазақпарат” агенттігінің жазуынша, 36 мен 40 жас аралығындағы төрт адам – Данияр Әбдіғапаров, Жұмадин Патов, Қанат Жақаев пен Айдос Нұрқалиевтер “аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады” деген күдікке ілінген.