Qazaq Air компаниясына айыппұл салынды

Ақтөбеде рейсі кейінге шегеріліп, әуежайда қалған жолаушыға тамақ бермегені үшін «Қазақ Эйр» авиакомпаниясына 612 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Оқиға өткен жылы болған. Компания қызметкерлері рейстің кейінге шегерілгені туралы алдын ала хабарлап, тамақ пен сусын жайлы да мәлімдеген екен. Бірақ жолаушы әуежайдағы кафелер жабылып қалған соң ғана тамақ беруді сұраған. Сондықтан сол кезде ас беруге мүмкіндік болмаған дейді,- дейді әуекомпанияның өкілі. Алайда соттың шешіміне сәйкес, әуекомпаниялар тәуліктің кез келген уақытында жолаушыларды қажетті қызмет түрлерімен толық қамтамасыз етуге дайын болуы керек.