Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Instagram желісінде расталмаған мәліметтер бойынша, АҚШ-тағы наразылық акциялары кезінде Қазақстан азаматының көз жұмғаны туралы ақпарат тараған болатын. Бұған дейін Associated Press афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталған наразылықтар барысында кем дегенде 11 адамның мерт болғанын хабарлады.
Жаппай тәртіпсіздік салдарынан қанша адам қаза болғаны жөнінде әзірге нақты ақпарат жария етілмей отыр. Еске сала кетсек, мамыр айының соңында Миннеаполисте афроамерикалық Джорд Флойд полиция ұстағаннан кейін көз жұмды. Желіде тараған видеодан полицейдің Флойдты мойнын тізесімен басып жаншығанын көруге болады. Дем ала алмай қиналған ер адам жансақтау бөлімінде жан тапсырды.
Миннеаполистегі ресми сот-медициналық сараптама Флойдтың қылқындырудан өлгенін анықтады. Осы оқиғадан кейін елде наразылық акциялары басталып, әлемнің басқа мемлекеттерінде де жалғасты.