Өңірлердегі балалардың жазғы демалысы формальды түрде ұйымдастырылады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деді. “Қызық, мағыналы іс-шаралар аз. Олардың сапасы қамтамасыз етілмейді. Ауылдық жерлердегі балалар назардан тыс қалып отыр. Әкімдіктер тарапынан бақылау болмай отыр”, – деді Әлихан Смайылов. Ол балалардың жазғы демалысын ұйымдастырып, жұмысқа орналастыруда маңызды және күрделі мәселелерді ескеруді тапсырды.