Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ІІД басшысының міндетін атқарушы 2021 жылы алаяқтық жолмен қылмыстық істі тоқтату мәселесін шешеміз деген желеумен 40 миллион теңге иеленген. “Қазіргі уақытта іс айыптау қорытындысын бекіту үшін прокуратураға жолданды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.