Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы бүкіл ақшасын емделу мен тұрғын үй сатып алуға жұмсай алады.

Әлеуметтік кодекс аясында 1 шілдеден бастап зейнетақы қорында еңбек өтілі бар зейнеткерлерге жинақталған зейнетақы қаражатын толық жұмсауға құқық берілген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылай деп хабарлайды. Біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану үшін www.enpf-otbasy.kz интернет-платформа арқылы “Отбасы банкі” АҚ “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне” ғана жүгіну қажет”, – делінген хабарламада.