Антикор ШҚО-дағы қыздар төбелесіне қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Әлеуметтік желіде құрдасын өлімше етіп соққыға жыққан қыздың әкесі Антикор қызметкері деген ақпарат тараған еді. “Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Жанжалға қатысқан қыздың ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарымен ешқандай туыстық қарым-қатынасы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейміз”, – деп жазды ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Денис Шакенов Facebook парақшасында. Сондай-ақ ол әлеуметтік желі қолданушыларына жалған ақпарат таратқаны үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік барын ескертті. Видеодағы қыздар қала мектептерінің бірінің оқушылары екені белгілі болған.