Талдықорғанда 3 жасар баланы ұрып өлтірген қыз 10 жылға сотталды

Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді», – деді Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров. Еске сала кетейік, 2022 жылғы қыркүйекте Талдықорғандағы аурухананың бірінде 3 жасар бала көз жұмды. Дәрігерлер балаға бас жарақаты диагнозын қойған. Сәби өліміне қатысы бар деген күдікпен осы баланы қарап-баққан 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қалалық сот күдіктіге «үй қамағы» санкциясын берді. Ал прокуратура тарапы соттың бұл шешімімен келіспей, қайта күдіктіні қамауға алу жөнінде өтініш хат жолдады. Өтініш қанағаттандырылды. Аталған факті бойынша сараптама тағайындалып, тергеу ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі негізінде жүргізілді.