Қарағанды облысында бірнеше ауылдың атауы қазақшаға ауыстырылады

Қаулысы әзірленді деп хабарлады Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. “Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылдық округіндегі Новостройка ауылы – Атамекен ауылына қайта аталсын”, – деп жазылған құжатта. Бұдан бөлек, Осакаров ауданының бірнеше ауылдық округтері мен ауылдарының атауы өзгереді:
Звездный ауылдық округі – Жұлдыз ауылдық округіне;
Тельман ауылдық округі – Нияз ауылдық округіне;
Звездный ауылдық округіндегі Звездное ауылы – Жұлдыз ауылына;
Николаевка ауылдық округіндегі Комсомольское ауылы – Қайыңды ауылына;
Қаратомар ауылдық округіндегі Сенакосное ауылы – Қаратомар ауылына;
Тельман ауылдық округіндегі Тельманское ауылы – Қаракөл ауылына;
Садовый ауылдық округіндегі Чапаево ауылы – Жаңатоған ауылына.
27 сәуірге дейін талқылау үшін құжат Ашық НҚА сайтында жарияланды.