Шымкентте туберкулездің ашық түріне шалдыққан мұғалім бірнеше сыныпқа сабақ берген

Otyrar.kz басылым мәліметінше, науқас №33 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Санитарлық эпидемиологтардың айтуынша, мектеп оқушылары мен педагогикалық ұжым арасында туберкулез ауруының алдын алу үшін барлық шара қабылданған. “11 сәуірде оқиға анықталған соң мектеп толық дезинфекцияланды. 12 сәуірде мектеп жұмыс істемеді. Сол кезде байланыста болған адамдар анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Науқас әйелдің өзі ауруханаға жатқызылды. Жағдайы тұрақты”, – деді Шымкент қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.