Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 700 мыңға жуықтады

8 тамызда Қазақстанда 7 671 адамның анализінен коронавирус анықталды. Қазір Түркістан облысы коронавирустың тарауы бойынша “сары аймақта” тұр. Қалған қалалар мен облыстар “қызыл аймақта”. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 7 тамызда 76 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Сол күні 140 адам өлімі тіркелген. Өткен аптада денсаулық сақтау саласының мамандары адам өлімінің көп болу себебін коронавирустың дельта вариантының жылдам тарауымен байланыстырған. Дәрігерлердің айтуынша, дельта “ағза таңдамайды, ол жылдам асқынады, созылмалы аурудың жоқтығы аурудың асқынбауына кепілдік бола алмайды”.