Құс тұмауына байланысты жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін

Құс тұмауына байланысты жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева айтты. “Егер зертханалық зерттеу құс тұмауының жоғары патогенді вирустың болуын көрсетсе, ветеринарлық қызмет тиісті шектеулерді енгізіп, қажет карантин шараларын жүргізеді”, – деді вице-министр. Ол бүгінде еліміздің 6 облысы 25 ауданындағы 48 елді мекенде карантин енгізілгенін айтты. Қоса кетсек, Түркістан облысындағы барлық елді мекенде құс тұмауы расталған жоқ.