Арман Дәулетияров “МУЗ-ТВ” арнасының басшылығынан кетті

фото: HELLO! Russia

Арман Дәулетияров ресейлік “МУЗ-ТВ” арнасының басшылығынан өз еркімен кетті. Ол аталған телеарнада 20 жыл бойы еңбек еткен. Ресейдегі үздік музыкалық каналдың басшысы бұл шешімді ұзақ ойланып қабылдаған. Ол бағын басқа жақта сынағысы келетінін түсінген. Телевизия саласының маманы Instagram желісінде өзімен қызметтес болған барша әріптесімен қоштасты.