Қазақстан үкіметі отставкаға кетуге дайындалып жатыр

Қазақстан үкіметі отставкаға кетуге дайындалып жатыр. 12 қаңтарда Асқар Маминнің басшылығымен үкімет отырысы өтеді. Бұл қазіргі министрлер кабинетінің соңғы отырысы болмақ деп хабарлайды Sputnik. Парламент сайлауынан кейін министрлер кабинетінің өкілеттігі тоқтатылады. Бұл – заңның талабы. Конституциялық заңға сәйкес, премьер-министр мен министрлер үкiметтің жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн өз мiндетін атқара бередi.