Әзербайжанда бірнеше қала мен ауданда әскери жағдай енгізілді

Әзербайжанда бірнеше қала мен ауданда әскери жағдай енгізілді. Ел парламенті Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуына байланысты осындай шешім шығарды деп хабарлайды РИА Новости. Әзербайжан президенті Ильхам Алиев елде дүйсенбіден бастап комендант сағатын енгізуді бекітті. Бұл туралы президенттің көмекшісі Хикмет Гаджиев мәлімдеді.