Цифрлық даму министрі 5G енгізу туралы айтты

Бағдат Мусин кейбір облыста 5G енгізу мен дамыту жоспарланғанын мәлімдеді. Биыл Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында ұялы байланыстың жаңа буыны енгізіледі. 2027 жылға қарай әр республикалық маңызы бар қаланы қамту 75%, ал облыс орталықтарын қамту 60% болады”, – деді министр. 5G Интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл цифрлық экономиканың дамуын жеделдетуге және заманауи технологиялық компаниялардың жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қалалардағы 170 мыңнан астам үй шаруашылығын интернет желісімен қамтамасыз ету жоспарланған.