“АрселорМиттал Теміртауға” 1,2 млрд теңге айыппұл салынды

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті осылай деп хабарлады. “АрселорМиттал Теміртау” акционерлік қоғамында 2019 жылға корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын төмендеткендігі анықталды. “Нақты есептелген корпоративтік табыс салығының мәлімделген аванстық төлемдер сомасынан 20%-дан асып кетуі анықталды”, – деді департаменттің баспасөз қызметі. 2022 жылдың қараша айында департамент қызметкерлері 2017 жыл үшін осындай бұзушылықты анықтаған болатын. Бюджетке 1,3 млрд теңге көлемінде айыппұл толық көлемде өндірілді.