Ақтөбеге қонған ұшақта жолаушы қайтыс болды

Жолаушы Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласынан Ақтөбеге ұшып келе жатқан. Әуежай басшысы Дастан Малиевтің айтуынша, ұшақ қонғаннан кейін жас жігіт ата-анасына киім ауыстырып келемін деп, кетіп қалған. Артынан қайтыс болған жерінде табылды. Марқұм Уфа қаласының тұрғыны. Оқиға орнына бірден жедел жәрдем шақырылды. Дәрігерлер 12 минуттың ішінде келді. Жас жігіт кенеттен көз жұмды. Өлімнің себебі әзірше белгісіз.