Астана халықаралық әуежайында 23 рейс кейінге қалдырылды

“Оған елордадағы ауа райының қолайсыздығы мен ұшақтың кеш келуі себеп. Жолаушылардан жолда абай болуларын және рейс жөніндегі ақпараттарды әуе компаниялардың байланыс орталықтарынан білулерін сұраймыз”, – делінген хабарламада. Бұған дейін Астана ТЖД ауа-райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының барлық түрі үшін республикалық маңызы бар автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабылғанын хабарлаған. Олар: Астана-Қорғалжын, Астана-Ерейментау-Шідерті, Астана-Анар станциясы, Астана-Щучинск.