Қаржы министрі үкімет инфляцияны келер жылдың басында ауыздықтай алады деп сендірді

Оның айтуынша, АҚШ-тағы инфляцияны ауыздықтай алмаймыз. Еуропалық одақтағы инфляцияны да тоқтатуға мүмкіндік жоқ. Оған қоса, оларға энергетикалық дағдарыс төніп тұр. “Біз ұлттық банкпен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі болжам бойынша осы жылдың аяғына қарай, келер жылдың басына қарай инфляция төмендей бастайды”, – деді Жамаубаев. Бұған дейін министр жыл соңында инфляция шарықтау шегіне жететінін айтты. Оның деңгейі шамамен 20 процент болады.