Бензин тағы қымбаттай ма? – Министр жауап берді

Ведомство басшысы жанармай бағасы мұнай бағасына тікелей байланысты екенін айтты. Сондықтан оның құны келесі жылы қандай болатынын нақты дөп басып айта алмаймын деді. Бір анығы, елде әзірге жанармай тапшылығы байқалмайды. 240 мың тонна жанармай қорын жасақтап қойған көрінеді. “Кейінгі аптада бір баррель мұнайдың бағасы 10% немесе 71 доллардан 78 долларға дейін өскенін көріп отырмыз. Сондықтан жанармай бағасын болжау – берекесіз шаруа. Өйткені біз мұнай бағасының қалай болатынын білмейміз” – деді Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев.