Астана тағы Гиннес рекордтар кітабына енді

Қазақстанның астанасы Гиннестің рекордтар кітабына атауын ең көп өзгерткен қала ретінде енді. Бұл туралы бірінші болып британдық The Economist басылымы жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Басылымда “Ойлан, атауы ең көп өзгерген қала қай елде?” деген атаумен мақала шығарып, 60 жыл ішінде Астананың атауы бес рет өзгертілгенін жазды. Қала Гиннестің рекордтар кітабына енер алдында, яғни 17 қыркүйекте бұрынғы атауына ауысқаны да жазылып, бұл рекордты жаңартуға мүмкіндік бергені айтылған. Гиннестің рекордтар кітабының сайтында Астана 1997 жылы Қазақстанның астанасы болғаны, бастапқыда Ақмола деп аталғаны туралы ақпаратта бар.