“Астана” тауар биржасына 258 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

Сауда және интеграция министрлігі оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. “Астана” тауар биржасы қызметкерінің биржалық мәмілелерге қатысу фактісі анықталды. Ал бұған “Тауар биржалары туралы” ҚР Заңымен тыйым салынған”, – делінген бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарламасында. Шешім заңды күшіне енді.