Наурызда мереке күндері ХҚКО мен арнайы орталық қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

“Азаматтарға арналған үкіметтің” баспасөз қызметінің мәліметінше, Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесін тойлауға байланысты орталықтар 8, 21, 22 және 23 наурызда жұмыс істемейді. Ал 6, 7, 9 және 10 наурызда әдеттегідей жұмыс істейді. 1 наурыз сенбі күні орталық сағат 9.00-ден бастап, 13:00-ге дейін халыққа қызмет көрсетеді.