Астана әуежайының маңында өрт шықты

Әлеуметтік желіде қою түтіннің видеосы тарады. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер 1 гектар аумақта кепкен ағаш пен қамыс өртеніп жатқанын анықтаған. Оқиға орнында елордалық ТЖД-нің 14 адамы мен 3 техникасы өртті жою үшін жұмыс істеуде. Қою түтінке қарамай ұшақтар ұшып жатыр.