Павлодар облысында екі мыңнан аса үйді су басу қаупі бар

Құтқару қызметі барлық гидротехникалық құрылыстарды нығайтып, су өткізгіш құбырларды қардан тазартты. Облыста ауылдар аумағын қардан тазалау аяқталған. Төтенше жағдай болған жағдайда 600 арнайы техника толық дайындықта тұр. Мыңнан аса құтқарушы су тасқыны салдарын жоюға кірісуге дайын. “Қазір 43 елді мекен бақылауға алынды. Төтенше жағдайларға бюджеттен 2 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Қар жамылғысының биіктігі облыс бойынша 13 сантиметрдей. Бұл былтырғымен салыстырғанда айтарлықтай төмен, екі есеге жуық”, – деді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Олег Трещев.