Астанада тұрғын үй кешені автотұрағында өрт шықты.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды. Әлеуметтік желіде өрт шыққан орынның видеосы тарап кетті. Кадрлардан тұрғындар жоғарғы қабаттардан эвакуацияланып жатқанын көруге болады. Өртсөндірушілер оқиға орнында бір көліктің жанып жатқанын анықтады. Өрт орнында дереу жедел штаб құрылып, өртсөндірушілер барлау жүргізіп, жоғарғы қабаттардағы адамдарды эвакуациялап жатыр.