Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстік астанаға іссапармен келді. Президент Балаларды қорғау күніне арналған шараға және Ұлттық ғылым академиясында өтетін салтанатты жиынға қатысады. Бұл туралы Telegram-дағы bort_01 арнасында айтылды. Президент Алматыда ертең, 1 маусым күні Балаларды қорғау күніне арналған шараға және бірқатар салтанатты жиынға қатысады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ғылыми мекемені, оқу орындарын аралап көреді және жеке кездесулер өткізеді.