Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың екінші толқыны туралы пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың екінші толқыны туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Президент Twitter желісінде жазды. “Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. К/вирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДСҰ да растады.

Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын”, – деп жазды Тоқаев. Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 12 мыңнан асты. Аурудан 6240 адам айықса, қайтыс болғандардың саны 48-ге жетті.