Елімізде жанармай құю бекеттерінде газ баллондарын толтыруға тыйым салынады.

Сұйытылған көгілдір отынды сату бағасы қатаң бақылауға алынады. Осындай нормаларды белгілейтін заң жобасы Сенатта мақұлданып, Президентке қол қоюға жіберілді. Парламенттегілер былтырғы қаңтар оқиғасы газ саласындағы заңнаманы өзгертуге бастау болғанын айтады. Енді көгілдір отынның қымбаттауы күрт тыйылады. Белгілі бір бағамен сатып алынған сұйытылған газдың әр партиясын ресми үстеме құнынан артық бағада сатуға болмайды. Ал тұрмыстық баллондарды қауіпсіздік мақсатында арнайы бөлінген орындарда ғана толтыруға болады.