Атырауда туристік агенттік директоры бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Атырау соты INFINITY TRAVEL M туристік агенттігінің директорын алаяқтық үшін осындай жаза тағайындаған. “Ақ Жайықтың” хабарлауынша, турагенттік директоры 30 миллион теңгені жымқырған. Енді ол Қылмыстық кодекстің “Екі немесе одан көп адамарға қарсы алаяқтық” бабы бойынша заң алдында жауап береді. Сонымен қатар, сот оны жәбірленушілерге ақшаны қайтаруды міндеттеді. Еске салайық, өткен жазда Атыраудың жиырмадан астам тұрғыны осы туристік агенттіктен шетелде демалуға жолдама сатып алған. Бірақ олардың сапары өтпей, 42 жастағы агенттік басшысы із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған еді.