Министр Алматыдағы ауруханада АИТВ адамның иммундық тапшылық вирусы анықталуына қатысты пікір білдірді.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұл іске байланысты жүргізіліп жатқан тергеу туралыхбарлады. Оның айтуынша, құрылған комиссия жұмысын келесі аптада аяқтайды. Журналистер министрден (АИТВ) адамның иммундық тапшылық вирусын жұқтырған науқастармен жеке кездесу туралы сұрады. Шенеунік бұл мүмкін емес деп жауап берді. Өйткені медициналық құпия туралы заң бұған тыйым салады. Министр кездесуді науқастардың келісімімен ғана өткізуге болатынын, бірақ олар кездесуді қаламайтынын жеткізді.