Министр Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанын айтты

Қазақстанда кейінгі екі аптада коронавирус инфекциясына шалдығу көрсеткіші 35 пайызға азайды, бірнеше облыста 57 инфекциялық аурухана жабылды. Бұл туралы 14 қыркүйекте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. “Қазақстанда кейінгі екі аптада ауру өсімі 35 пайызға азайды. Соңғы аптада ауру көрсеткіші тұтас алғанда 14 пайызға яғни, аптасына 31 мыңнан 25 мыңға дейін төмендеді” деді Алексей Цой. Оның айтуынша, эпидахуалдың тұрақталуына байланысты аймақтарда инфекциялық орындар қысқартылған. 25 тамыздан бері Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Атырау, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарында 57 нысан жабылған. 12 мыңнан астам орын қысқартылған. Қазір республика бойынша инфекциялық және реанимациялық орындардың 35 % бос емес.