Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елімізде 14 жаңа стадион салу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Қызылордада 11 мың орындық стадион пайдалануға берілді, ал Астанада 3 600 орындық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Қарағанды мен Оралда жөндеу жұмыстары жүргізілуде, Атырау мен Ақтауда жобалар дайын. Өскемендегі стадион жобасы сараптамадан өтуде, ал Алматы мен Жезқазғанда құжаттар әзірленіп жатыр. Сонымен қатар, 7 стадионды жаңарту қажет.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
