Болат Назарбаев жансақтау бөлімінде жатыр

“Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, біз науқастың жағдайына қатысты жеке ақпаратты туыстарының келісімінсіз жариялауға құқығымыз жоқ. Бұл мәселе бойынша түсініктеме бере алмаймыз”,- деді Алматының «Орталық клиникалық ауруханасының» АҚ баспасөз қызметі. Қосымша ақпар, Болат Назарбаев 1997 жылдан бері BN Invest холдингін басқарады. 2016 жылы “Салиқалы ұрпақ” қоғамдық қорын құрды. Сол жылы “Парасат” орденімен марапатталды.