Қазақстан 2024 жылғы Олимпиадаға 100 лицензия алуды жоспарлап отыр

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты. Оның айтуынша, 160 қазақстандық атлеттің Парижге жолдама алуға мүмкіндігі бар. Токио Олимпиадасында спортшыларымыз 8 қола медаль алған болатын. Онымен қоса, министрлік биыл спортты дамытуға 50 млрд теңге бөлді. Айта кетейік, Олимпиада ойындары Францияның астанасы Парижде 2024 жылдың шілде айының 26-ы мен тамыздың 11-і аралығында өтеді.