Қазақстанға «Пфайзер» вакцинасының 4 млн дозасы жеткізіледі

Қазақстанға Пфайзер вакцинасының 4 млн дозасы жеткізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Айтуынша, тиісті құжаттарға қол қойылды. Еліміздің әр өңірінде мұздатқыштар жеткілікті. Аталған компанияның өнімін сапалы сақтау үшін тоңазытқыштардың температурасы -80 градусқа дейін баруы керек.