Жұмыссыз әкелердің декреттік демалысы еңбек өтіліне есептеледі

Жұмыссыз әкелердің декреттік демалысы еңбек өтіліне есептеледі.

Әкелердің балаларын күту кезеңі жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде ескерілетін болады. Әлеуметтік кодекске осындай өзгеріс енгізілмек. Мәжіліс екінші оқылымда тиісті заң нормасын қабылдады.

Сонымен қатар, депутаттардың ұсынысы бойынша жұмыс берушінің бастамасымен жалғызбасты ата-аналарға (жынысына қарамастан) қатысты еңбек шартын бұзуға тыйым салынады. Осыған байланысты «жалғызбасты аналар» ұғымы «жалғызбасты ата-ана» деп өзгертіледі.