Желіде «Қазақ жері шетелдіктерге сатылуы мүмкін» деген ақпарат тарады.
Бұл фейк ақпаратқа қатысты Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек түсініктеме берді. Оның айтуынша, Конституция жобасында жерді сатуға рұқсат беретін немесе қандай да бір тыйымды алып тастайтын бірде-бір норма жоқ. Керісінше, қолданыстағы Конституцияның 6-бабындағы редакция өзгеріссіз жаңа жобаның 8-бабына енгізілген.
Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттарда және шектерде жеке меншікте болуы мүмкін, – деді ол.
«Жерді жаппай сату» туралы әңгімелер – құқықтық сауатсыздықтың немесе саналы түрде жасалған манипуляцияның көрінісі», – деп атап өтті депутат.
