Қазақстан азаматтары Арменияға жеке куәлігімен бара алады. Тиісті заңды сенат депутаттары мақұлдады. Заң жобасы президенттің қол қоюына жіберілді. Қос мемлекет азаматтары елде 30 күн болғаннан кейін полицияға тіркелуі керек. Қазір олар полицияның белгілеуінсіз 90 күнге дейін тұра алады. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха осылай деп хабарлады.
