Қазақстан басқа елдермен әуе рейстерін тоқтатады

5 қазаннан бастап Қазақстан басқа елдермен қосымша әуе рейстерін тоқтатып, Түркияға рейстерді қысқартуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет басшысына осындай өтініш айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Шет елдерде жағдайдың ушыққанын ескеріп, инфекцияның елге кіруіне және таралуына жол бермес үшін 5 қазаннан бастап басқа елдермен қосымша әуе рейстерін уақытша тоқтатуды ұсынамыз. Сондай-ақ, әуе қатынасы жанданған елдермен рейстерді ұлғайтпай, Түркияға рейстерді қысқартқан жөн деп санаймыз”, – деді Цой.

Министрдің айтуынша, анықтама болмаған жағдайда, азаматтар коронавирусқа тексеру үшін екі тәулікке карантиндік стационарға орналастырылады.