Қазақстан COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озды

Қазақстан COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озды.

Көрсеткіштер COVID-19 таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия жарияланған ресми мәліметте көрсетілген. Қазақстанда коронавирус расталған тұрғындар саны 87 664-ке жетіп отыр. Айта кетейік, Қазақстанда 5 шілде – 2 тамыз аралығында карантин енгізілген болатын. Сәрсенбі күні президент карантин шараларын тағы 2 аптаға ұзартуды тапсырды.

Шекара тағы екі аптаға жабық. Еуропалық Одақ өз аумағына кіруге рұқсат берілген елдер қатарын тағы қысқартты. Бұл жолы тізімнен Алжир мен Марокко шығып қалды. Өйткені бұл елдерде эпидемиологиялық ахуал ушыққан. Осыдан бір апта бұрын Сербия мен Черногория туристері үшін де Еуропалық Одақ елдеріне кіруге тыйым салынған еді. Бүгінде Кәрі құрлық тек 13 мемлекеттің азаматтарына шекарасын ашқан. Бұл тізімде Қытай бар.

Тек Бейжің де жауап ретінде еуропалықтарды еліне кіргізуі керек. Кіруге рұқсат жоқ елдердің тізімігнде АҚШ, Бразилия азаматтыры бар екенін айта кетейік.