Қазақ эстрадасының дүлділі Роза Рымбаеваның тұңғышы жақында отбасылы болуға қамданып жатыр

Қазақ эстрадасының дүлділі Роза Рымбаеваның тұңғышы жақында отбасылы болуға қамданып жатыр.
Желіде Әли Оқапов пен оның болашақ жары Ақерке Бүркітбектің ұсыныс жасалған күнгі фотосы тарап кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

“Асыл” тобында өнер көрсетіп қалың көпшілікке танылған Ақерке Бүркітбай бұған дейін сүйіктісі өзіне үйленуге ұсыныс жасағанын хабарлаған болатын. Алайда, өнер иесі желіде болашақ жолдасымен түскен фотосын емес, бір өзі тұрған суретпен бөліскен.

Желі қолданушылары оған қарамастан, бірден Әли Оқапов екеуін құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатты. Араға бірнеше күн тастап, ақыр-соңы Instagram желісінде қос ғашықтың бірге түскен фотосы, онда Ақеркенің саусағында неке жүзігі және құшағында үлкен раушан гүл.