Мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды

Мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, тек сынып сағатын ұйымдастыру жөніндегі шешім ғана мектеп деңгейінде қабылдануы мүмкін. Ал жаңажылдық салтанатты шаралар биыл болмайды. – Бас санитарлық дәрігердің шешімі бар. Соған бағынамыз. Қазір әр түрлі іс шаралар өткізілмейді. Өзіңіз білесіз, мектептегі балалар бір сыныпта отыру керек. Маска кию керек. Біз заңға байланысты санитарлық дәрігер шешіміне бағынамыз – деді ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.