Нұр-Сұлтанда мереке күндері сауда және ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейді?

Қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова сауда нысандарының жұмыс кестесін жариялады. «Қаулыға сәйкес, сауда орталықтары таңғы сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін, сенбі және мереке күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынды», – деді Қадырова елорда әкімдігінде өткен брифингте.