Қазақстан шекарадан автокөлікпен көмір шығаруға уақытша тыйым салды

Фото: pixabay.com

Көмірді елден шығаруға тыйым салынды. Тұрғындар мен коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған көмірді шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалдап, көршілес мемлекеттерде қайта сатып жатқан алыпсатар көп, деп хабарлайды «Хабар 24». Осыған байланысты қатты отынды елден тыс жерлерге автокөлікпен шығаруға тыйым салынды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шығарған бұйрығы осындай. Уақытша шектеу енгізуді жергілікті көмір тиеу бекеттері мен өңір әкімдіктері ұсынды. Бұл шара жылу беру маусымы кезінде көмір тапшылығының алдын алу үшін жасалып отыр.