Астанада Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының соты басталды

Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы №2 сот Қайрат Сатыбалдының ісін қарауға кірісті. Алғашқы сот отырысы 16 қыркүйекте өткен. Келесі отырысы 20 қыркүйекте болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдының үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеудің 24 тамызда аяқталғанын хабарлаған. Ведомство “тергеу барысында жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден астам қаржы немесе 500 миллион долларға тең заңсыз сатып алынған активтер мемлекетке қайтарылғанын” хабарлаған. Сонымен қатар, Қайрат Сатыбалдының үстінен “салық пен кеден төлемдерінен жалтарды, қылмыстық жолмен тапқан табысын заңдастырды” деген айыппен қосымша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеген.