Қазақстанда 1 111 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 13 адам қайтыс болды

Қазақстанда тағы 1 105 адамнан коронавирус анықталды, олардың ПТР тесті оң шыққан. Тағы 6 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 13 адам өлімі тіркелді: 11 адам – коронавирустан, 2 адам – коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. Өткен тәулікте Алматыда – 341, Нұр-Сұлтанда – 195, Алматы облысында 104 науқас тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда анықталған науқастар жүзге жетпейді.