Алматы облысында адамшошырлық апаттан төрт адам қаза тапты

«Қапшағай-Бақанас» тас жолында көлік апатынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлады ҚазАқпарат. Алматы облыстық Полиция департаменті қайғылы оқиғаны растады. Болжам бойынша «Toyota Land Crusier» көлігінің 58 жастағы жүргізуші шығысқа қарай жүріп келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан «Toyota Mark 2» көлігіне соғылды. Оқиға орнында «Toyota Mark 2» көлігінің үш жолаушысы және «Toyota Land Crusier»-дің жүргізушісі мерт болды. Mark 2 жүргізушісі мен «Toyota Land Crusier» жолаушысы Қапшағай қалалық ауруханасына жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр.