Қазақстандық чемпион – 22 жастағы Аян Молдағалиев қайтыс болды.

Ол спорттық гимнастикадан спорт шебері. Қостанай облысының спорт басқармасы мәліметінше, жас спортшы 6 маусымда қайтыс болған. Қайғылы оқиғаның себептері туралы ақпарат жоқ. Оның беделді іс-шараларға қатысуы, тамаша спорттық шеберлігі мен гимнастиканы толық меңгергенін көрсетеді. Оның таланты, еңбекқорлығы мен спортқа деген адалдығы Қазақстанның көркем гимнастика тарихында өшпес із қалдырды. Аян спорттық мансабын 2007 жылы бастап, кейін Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанды. Аян 2018 жылы Индонезияда өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанса, Аргентинада өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында алтыншы орынға ие болды. 2019 жылы Молдағалиев әлем кубогының финалына шығып, үздік бестікке енді. 22 жастағы Аян Молдағалиев гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі болған.